Ұсынылып отырған мақалада орта мектептегі онлайн оқытуда жасанды интеллекті нейрожелісін қолдана отырып мектеп оқушысына ауызша сабақты үйретуді жүзеге асыру платформасының әдістемесін талдап, зерттеу қарастырылған. Нейрожелі атқаратын міндеттер көлемі белгіленген. Біріншіден, электронды түрдегі мектеп оқулығын нейрожелі түсінеді және аудио, мәтіндік редакторда өңдейді. Теориялық материалдарды оқушыға ауызша дыбыстап түсіндіреді. Жасанды интеллект нейрожелісі оқушының дыбыстап айтылған жауабын түсінеді және бағалайды. Екіншіден, орта мектептегі АКТ, информатика пәні бойынша бағдарламалау, 3D модельдер құру, робот жасауға үйрету платформаға орнатылған онлайн редакторда іске асады. Жаратылыстану пәндерінен онлайн есеп шығару, виртуалды 3D жануарлар мен өсімдіктер модельдерімен онлайн платформада кинестетикалық, визуалды тапсырмалар іске асады. Осы жұмыстар кешенін біріктіретін әдіснамалық Ұсынылатын онлайн платформа дәстүрлі бетпе-бет оқытуда тиімді қолданыла алады.
Орта мектептегі онлайн оқытуға арналған интернет платформасында ауызша диалогты жасанды интеллект нейрожелісі негізінде құру
Жарияланған December 2020
235
199
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
онлайн оқыту интернет платформасы; интернет платформаны жасау әдістемесі; жасанды интеллектінің ауызша оқытуы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Карауылбаев С., Жумабаева А., Муратова Г., Қалымбет А. Орта мектептегі онлайн оқытуға арналған интернет платформасында ауызша диалогты жасанды интеллект нейрожелісі негізінде құру // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.99–105: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.12 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/126 (дата обращения: 4.12.2024)