Қазақстанда статистиканы оқыту бағдарламасы орта мектеп деңгейіндегі математиканы оқыту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Статистиканы оқыту әдістерін өзгертуге орта мектепте математиканы оқыту әдістеріне түзетулер енгізу нәтижесінде қол жеткізуге болады. Статистикадағы ықтималдық теориясын оқыту әдісі мектеп математикасы бағдарламасында тиімді қарастырылмайды. Білім алушылардың көпшілігінде негізгі ұғымдарда айтарлықтай қиындықтар жоқ, бірақ күрделі есептерді шешуде көптеген қиындықтар бар. Мақалада статистика элементтерін оқытудың қазіргі жағдайы және оқу жоспарының маңызы талқыланады. Біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты-елімізде оқытылатын әртүрлі бағдарламаларды салыстыру арқылы әр бағдарламаның негізгі артықшылықтарын анықтау. Бұл мақалада авторлар 9-11 сыныптарға арналған Алгебра оқулықтарын талдайды. Тақырыптарды талдау нәтижесінде зерттеуге қатысқан үш бағдарламаның негізгі ерекшеліктері анықталды, оларды біз болашақта орта мектептегі статистика тақырыптарын жүйелеу үшін қолданамыз. Статистика тақырыптарын жүйелеу оқулықтағы тапсырмалар мен теориялық білімді сынып деңгейіне сәйкес толықтыруға көмектеседі.
Түрлі бағдарламалардағы жоғарғы сынып оқулықтарындағы статистика тақырыптарының оқытылу жағдайы
Жарияланған June 2023
141
96
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
математикалық білім; орта білім; статистика бойынша оқу бағдарламасы; жүйелеу; Кембридж бағдарламасы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Assanbayeva G., Dauletkulova A. Түрлі бағдарламалардағы жоғарғы сынып оқулықтарындағы статистика тақырыптарының оқытылу жағдайы // Педагогика және психология. – 2023. – № 1(54: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.1.30.024 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1206 (дата обращения: 21.11.2024)