Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің қазіргі теориясы мен әдістемесінде қимыл-қозғалыстардың маңыздылығы және саналы түрде меңгеру қажеттілігі танылады. Жете түсіну ақыл-ой белсенділігін жандандырады, қимыл-қозғалыс мәселелерін шешуде дербестікті, мектеп оқушыларының өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі бағалауын, қимыл-қозғалыстардың өзгеруінде шығармашылық бастаманы дамытуға негіз болады. Осы саладағы зерттеулер кеңістіктегі саналы бағдарлауды, секірулердегі, қозғалыс ойынында қимылдардың сипаты мен сапасын жете түсіну мәселелерін қозғайды. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің өзара байланысты қызметін жетілдіретін, балаларды қимыл әрекеттерін игеруге және оларды қолдануға байланысты жинақтауларға жеткізуге мүмкіндік беретін жалпы даму жаттығуларының саналы орындалуын қалыптастыру ерекшеліктері жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан, бұл зерттеудің мақсаты, бастауыш мектеп жасындағы балалардың жалпы дамыту жаттығуларын саналы меңгеру ерекшеліктерін зерттеу және бастауыш мектеп жасындағы балалардың жалпы дамыту жаттығуларын саналы меңгеруін бағалау критерийлерін әзірлеу.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫН САНАЛЫ ОРЫНДАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған June 2023
125
125
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
жалпы дамыту жаттығулары
қалыптастыру
педагогикалық жағдайлар
бастауыш білім беру
оқушылар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Оспанкулов Е., Нургалиева С. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫН САНАЛЫ ОРЫНДАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Педагогика және психология. – 2023. – № 1(54: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.1.30.022 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1186 (дата обращения: 22.11.2024)