Бұл мақала педагогикалық ғылым мен инновациялық дидактиканың мүмкіндіктерін синергетикалық көзқарастың жаңа қызықты және жан-жақты позициясынан қарастыру арқылы кеңейтеді. Синергетикалық тәсіл студенттердің өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі тәрбиелеуіне негіз болатын инновациялық дидактиканы дамытуға синергетиканың көп қырлы бағыттарын біріктіруге мүмкіндік беретін маңызды әлеуетке ие. Синер- гетика инновациялық дидактикаға оның даму бағыттарын білім берудегі талаптар мен өзгерістер тұрғысынан түсіндіруге, сондай-ақ оның жаңа ұстанымдарының тұжырымдамалық негіздерін және ересек студенттер- де оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Синергетикалық тұғыр жеке тұлға тұрғысынан өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу траекториясының мүмкіндіктерін және өзгермелі тапсырыстар мен қалаулармен оның әр түрлі және тармақталған бағытын негіздейді.
Жарияланым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша 2020- 2022 жылдарға арналған қолданбалы гранттық зерттеу аясында «Рухани-адамгершілік қасиеттерді өзін-өзі дамытуға арналған синергетикалық негіздер мен эвтвгогика» ИРН AP08856223.