Қазіргі кезеңде заман талабына сай жаңартылған білім мазмұны бойынша орта мектептегі білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы – мектептегі білім берудің әдістемелік жүйесіне, әрбір оқушыға қажетті геометриялық білім беруге де жаңа міндеттер қойып отыр. Бұл мектептегі геометриялық білім берудің мазмұнынына, геометрия курсын оқытудың үздіксіздігі мен сабақтастық принципін іске асыруға бағытталуы тиіс. Оқушылардың геометрия курсын жан-жақты меңгеруі мектеп математика мұғалімінің геометриялық және әдістемелік дайындығының дәрежесіне тәуелді. Демек, ЖОО-да болашақ мамандарды дайындаудағы ұсынылатын білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларындағы сабақтастықтың қамтамасыз етілуін қадағалап, болашақ мамандарды кәсіби даярлауға мүмкіндік береді.
Мақалада педагогикалық ЖОО мен мектептегі геометриялық салу есептерін оқытудың сабақтастығы мәселесі қарастырылады. Мектеп пен педагогикалық ЖОО-да оқытылатын геометриялық салу есептерінің тақырыптары зерттеліп, ерекшеліктері айқындалды. Орта мектептегі геометриялық салу есептерінің рөлі мен маңыздылығы, педагогикалық ЖОО мен мектептегі «Геометриялық салу есептерін» оқытудағы сабақтастықтың мазмұндық және процессуалдық дамыту жолдары, оларды жүзеге асыру функциялары көрсетіледі. Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде геометриялық салу есептерінің мазмұнына педагогикалық талдау, бақылау, сауалнама, педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды. Зерттеулер нәтижесінде Мектеп пен ЖОО-ғы геометриялық салу есептерінің мазмұнына өзара сабақтастықты жүзеге асыру бойынша түзетуші эксперимент жүргізілді.
Түйін сөздер: геометриялық білім беру, геометриялық салу есептері, білім беру мазмұнын жаңарту, мектеп пен педагогикалық жоғарғы оқу орнындағы сабақтастық.