Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Абай шығармаларының психологиялық негізіндегі «Толық адам» бейнесі

Жарияланған September 2020

970

484

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Аңдатпа

Мақала Абай шығармаларындағы «Толық адам» ілімінің қалыптасуын психологиялық тұрғыда зерттеуге арналады. Абайдың еңбектерінің философиялық-психологиялық негізіндегі «Толық адам» концепсиясы теориялық талдау, саралау, салыстыру, жіктеу, жүйелеу әдістері арқылы жүргізілді. Ақынның адамның тұлғалық құнды сапаларын дамыту арқылы ақылды, білімді биік деңгейге көтеру, «адам» болып өмір сүру, халыққа, қоғамға пайдаңды тигізу, адамды құрметтеу, адам мен табиғат тұтастығын сақтау туралы ой–тұжырымдары сараланды. Абай еңбектеріндегі сана, ақыл-ой, мінез-құлық, сезім, көңіл-күй сияқты психологияның қарасытатын мәселелері тәлім-тәрбиелік бағытта берілуінің қоғамдық-тарихи мәні ашылады. Зерттеу нәтижесі бүгінгі жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оларды оқыту және тәрбиелеуде, рухани жаңғыруда, Абай ілімінің негізгі принциптерін қолдануды ұсынады. Абай идеясының «Толық адам» концепциясы, өмірдің барлық саласында, мемлекетті басқару мен білім беру жүйесі, әлеуметтік-қоғам мен отбасы институты, тіпті әрбір адамның өмірлік ұстанымына айналдырудың  практикалық маңыздылығы айқындалды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Керимбаева Р., Имамбекова Г., Сайлыбаева Қ. Абай шығармаларының психологиялық негізіндегі «Толық адам» бейнесі // Педагогика және психология. – 2020. – № 3(44). – С.196–204: DOI: 10.51889/2020-3.2077-6861.25 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/107 (дата обращения: 23.11.2024)