Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

«ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ» ПӘНІН АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ (АҚШ колледждерінің тәжірибесімен)

Жарияланған June 2023

97

109

Abai University
Аңдатпа

Аңдатпа

Бұл мақалада қоғамға қызмет ету туралы негізгі түсініктер және пән ретінде басқа бағыттармен байланысы пәнаралық деңгейде қарастырылады. Сонымен қатар, қоғамға қызмет ету бағытының іргелі зерттеулермен байланысы, теориялық негізі, пән ретінде дамуы, басқа пәндердің арасындағы ерекшелігі және тәжірибе жүзінде қолдануы мәселесі баяндалады. Оқытушыларға «Қоғамға қызмет етуге» оқытудың қолданыстағы жүйесіне біріктіре алатын ақпараттар мен ресурстар ұсынылған. Қоғамға қызмет ету – «оқу – таңдау жасау – қызмет ету» теңдеуі бойынша жүру қажет. Себебі, осы пәнді өтетін білімгерлер өздеріне әртүрлі дағдылар мен іскерлік қасиеттерді жинақтай отырып, мансабы мен қызметі барысында қажет болатын гуманитарлық дағдыларды бойына сіңіре түседі. Мақала шетелдік жабық дереккөздері (университет оқытушылары мен білімгерлеріне ғана тиесілі) арқылы жазылғандықтан, ол ресурстарға қол жеткізе алмайтын, осы мәселеге қызығып, қызмет көрсетуді академиялық ортаға бейімдеуге ұмтылыс жасайтын оқытушылар мен зерттеушілерге өзіндік пайдасы бар.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сарсенбаев А., Абдирайымова А., Жұмаш Г. «ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ» ПӘНІН АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ (АҚШ колледждерінің тәжірибесімен) // Педагогика және психология. – 2023. – № 1(54: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.1.30.008 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1062 (дата обращения: 21.11.2024)