Мақалада мектеп оқушыларына арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табудың тиімді жолын үйрету қарастырылады. Есеп шығарғанда әртүрлі тәсілдерді қолдану оқушылардың есеп шығаруға қызығушылығын арттырып, құштарлығын оятады. Өз беттерімен жұмыс істеу белсенділіктерінің дамуына дұрыс әсерін тигізеді. Оқушыларды есептерді екі немесе одан көп тәсілмен шығаруға дағдыландыру керек. Оқушылардың шапшаң әрі дұрыс шешім қабылдауына әсері мол болатын арнайы әдістеме ұсынылып отыр. Осы біз ұсынып отырған тәсілді қолдану арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, жан-жақты терең ойлауын, логикалық ой-өрісінің дамуын қалыптастыруға болады. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын стандартты емес тәсілмен табуға бірнеше мысалдар келтірілген. Арнайы әдістемені мектеп оқушылары, жас мұғалімдер және математика пәні мұғалімдері қолдануға болады.
Арифметикалық прогрессияның алғашқы N мүшесінің қосындысын табудың тиімді жолы
Жарияланған September 2020
127
106
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
математиканы оқыту; есептерді стандартты емес тәсілдермен шығару; арифметикалық прогрессия
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Искакова М., Аяғанов Ғ., Даукен М. Арифметикалық прогрессияның алғашқы N мүшесінің қосындысын табудың тиімді жолы // Педагогика және психология. – 2020. – № 3(44). – С.182–187: DOI: 10.51889/2020-3.2077-6861.23 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/105 (дата обращения: 21.11.2024)