Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

«Өмір мен тағдырдың мәні. Өз болашағынды қалай құруға болады?» халықаралық ғылыми – білім беру жоба

«Өмір мен тағдырдың мәні. Өз болашағынды қалай құруға болады?» халықаралық ғылыми – білім беру жобасы аясындағы «Мән туралы форум»

 

2021 жылдың 18 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Өмір мен тағдырдың мәні. Өз болашағынды қалай құруға болады?» халықаралық ғылыми – білім беру жобасы аясындағы аясындағы «Мән туралы форум» секциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар – Исалиева Сауле, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының үшінші курс докторанты; Попова Татьяна, психология ғылымдарының кандидаты, Ресей білім академиясы Психологиялық институтының аға ғылым қызметкері (Мәскеу қ.); Кошербаева Айгерім, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының басшысы; Момбек Әлия, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы бас редакторының орынбасары.

Қазылар алқасы жұмысына психология магистрі, тренер-медиатор, Мәскеу психоанализ институтының курс жетекшісі Манина Ирина (Мәскеу қ.) және МБОУ СОШ № 26 педагог-психолог Брейтбург Лариса (Мәскеу облысы Химки қ.о.) қатысты.

Форумның техникалық модераторлар – Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру Институтының 4 курс студенті Артём Носко; И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейі 8 сынып оқушысы Екатерина Мамедова.

Форум жұмысына Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академия студенттері мен оқытушылар, Нұр-Сұлтан, Алматы ққ. және Алматы облысының оқушылары қатысты.