Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Педагогика және психология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» журналы – 2009 жылы негізі қаланған республикалық ғылыми-әдістемелік басылым.

«Педагогика және психология» журналының тақырыптық бағыты – білім берудің барлық сатылары мен деңгейлерінің қазіргі жағдайының мәселелері.

Жарияланымға журнал тақырыбына сәйкес іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін көрсететін ғылыми, талдамалық, ғылыми-әдістемелік мақалалар, сондай-ақ автор(лар)дың тұжырымдамалық ұстанымын нақты көрсететін шолу мақалалары (review) қабылданады.

Журнал бөлімдері: 

Қазіргі білім берудегі инновациялық тәсілдер мен тәжірибелер

Кәсіби дамудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Басылымның редакциялық стратегиясы келесі ережелерге негізделген: 

Жарияланымға материалдарды іріктеу процесінде бейтараптылық пен объективтілік;

Зерттеулердің ғылыми құндылығы мен әдіснамалық дұрыстығына қатысты жоғары стандарттар;

Мақалаларды жариялау туралы шешім қабылдауда консенсустық тәсіл; Авторлармен тиімді және жедел байланысты қамтамасыз ету;

Зияткерлік меншік құқықтарын қатаң сақтау;

Басылымның белгіленген кестесін қатаң ұстану; Бір автордың жарияланым жиілігін күнтізбелік жылда екі ретке дейін шектеу.

Журналдың миссиясы отандық және шетелдік зерттеушілерді мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелерін ашық талқылауға тарту; білім беру саясаты, педагогика ғылымының теориясы мен практикасы саласындағы шығармашылық бастамаларды қолдау; барлық деңгейдегі білім беру жүйелерін жетілдіруге ықпал ететін ғылыми білім мен инновациялық әзірлемелерді жүйелеуге, талдауға және таратуға бағытталған ғалымдар мен педагогтардың қызметін интеграциялауға жәрдемдесу болып табылады.

Журналдың мақсатты аудиториясы: жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы; мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы академиялық қызметкерлер мен сарапшылар; қазақстандық және шетелдік университеттер мен ғылыми-білім беру мекемелерінің докторанттары, магистранттары мен студенттері, мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері және т.б.

Журнал ҚР ҒЖБМ БҒССҚК ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағын алу үшін диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға ұсынылатын жетекші рецензияланатын ғылыми журналдар тізіміне кіреді. Журнал ғылыми дәйексөз индексінің республикалық жүйесіне – Қазақстандық дәйексөз базасына (ҚазДБ) енгізілген.

«Педагогика және психология» журналы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен құрылған және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген.

Алғашқы есепке қою күні мен нөмірі: 24.06.2009 ж. №10219-Ж.

КУӘЛІК мерзімді баспа басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды қайта есепке қою туралы №KZ22VPY00084314, 22.12.2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

22.12.2023 жылғы ПжП-ны қайта есепке қою туралы куәлік

Басылым идентификаторы: ISSN 2077-6861 (онлайн 2960-1649)

Жариялау мерзімдері: жылына 4 рет

Келіп түскен материалдарды қарау мерзімдері: 1-6 ай

Ағымдағы шығарылым