Қашықтан қарым-қатынас пен оқытудың заманауи шарттары цифрлық технологиялардың таралуына әкелді, өз кезегінде мұғалімдер жаңа білім іздеуге және цифрландырудың тиімді құралдарын игеруге белсенді қатысады. Қазіргі таңда туындаған сұранысқа жауап бере отырып, авторлар Абай атындағы ҚазҰПУ базасында студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, студенттердің ынтасын арттыру, сыни ойлау мен көшбасшылық қасиеттерін, шығармашылық белсенділік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеуді қалыптастыру мақсатында «Студенттік сандық ҒЗЖ-club» құруды ұсынады.
«Студенттік сандық ҒЗЖ-club» жобасының негізіне қашықтықтан ғылыми қызмет жүргізу және гей- мификация элементтері енгізілген, олар білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Жобаның жаңалығы – сапалы жаңа деңгейде алғаш рет университет білімгерлері үшін ғылыми-зерттеу процесін жаңғыртуға талпыныс жасалуда. Жұмыс перспективалы сипатқа ие, өйткені инновациялық әдістемелерді құру арқылы отандық педагогикалық кадрларды даярлаудың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.