Мақала бүгінгі техниканың дамыған заманында балалардың интернетке, гаджеттерге тәуелділіктен арылтудың ұтымды құралы ретінде асық ойындарын қолдану мәселесі туралы. Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығына, психологиялық дамуына гаджеттердің кері әсері сараланған. Дегенмен де, бүгінгі таңда балалар бейсаналы түрде гаджеттерге тәуелді болып үлгерген. Балалардың гаджеттерге тәуелділік салдары, олардың денсаулығына, дамуына, жалпы ұлт болашағына кері ықпалын тигізіп отыр. Автор балаларды гаджеттерден алшақтату мақсатында асық ойындарын пайдаланудың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Қазақ халқының төл ойыншығы болып саналатын асықты заман талабына сай жаңғырту арқылы жаңа үлгіде жасалған ойын түрлері ұсынылады. Асық ойындарын балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың ұтымды педагогикалық, әдістемелік жолы анықталады. Асық ойындарын заманауи бағытта пайдалана отырып, балалардың танымдық процестерін, сенсорлық дамуын қалыптастырудың тиімді бағдарламасын білім саласында инновациялық жоба ретінде қолдану тәжірибесі жасалған.
Балаларды гаджеттерден алшақтату құралы ретінде асық ойындарын пайдалану
Жарияланған June 2020
187
128
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
асық ойыны; гаджет; тәуелділік; даму; ұлттық құндылық
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Букешова С., Керимбаева Р. Балаларды гаджеттерден алшақтату құралы ретінде асық ойындарын пайдалану // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.243–249: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.33 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/81 (дата обращения: 22.11.2024)