Бұл жұмыс № AR 05135997 «Қазақстанның орындаушылық өнері: ұлттық стиль, дәстүрлер және қоғамның өзгеруіндегі рөлі» атты ғылыми жоба аясында жүзеге асырылды. Мақала сазгер Мұратхан Егінбаевтың әндерінде ұлттық поэзиялық-музыкалық құрылымдардың барын анықтауға арналған. Құрылымдық әдіснаманы қолдана отырып, мақала авторлары М. Егінбаевтың «Үш Арыс», «Сен десем», «Сағыныш назы» әндерін талдап, сазгердің әндері өз замандас әріптестерінің әндерінен музыкалық құрылымдық жүйесі ерекшеленетіні байқалды. Талдауда автордың сазгерлік стилін қалыптастыруға көп жағдайда Арқа өңірінің халық композиторлары мен халық әндерінің үлкен әсері бары анықталып отыр. Мақаланың зерттеу нәтижелері қазақ музыкасының тарихы, орындаушылық өнер тарихы пәндерінде қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Композитор Мұратхан Егінбаевтың әндеріндегі ұлттық әннің поэтикалық музыкалық-құрылымдық ерекшеліктері
Жарияланған June 2020
97
92
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
музыкалық-поэзиялық шығармалар; музыкалық құрылым; өлең өлшемі; сөз бен әуен арасындағы асинхрондылық
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Күзеубай А., Әмірханов Қ. Композитор Мұратхан Егінбаевтың әндеріндегі ұлттық әннің поэтикалық музыкалық-құрылымдық ерекшеліктері // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.230–234: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.31 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/79 (дата обращения: 23.11.2024)