Бұл мақалада «Қазақстанның орындаушылық өнері: ұлттық стиль мен дәстүрдің қоғамның ауысуындағы ролі» AP №05135997 ҚР БҒМ атты жоба аясында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай қазақ күй өнерінің дамуы, сақталуының, жаңа дәуірлерге жалғасуының басты себептері қарастырылады. Сонымен бірге өткен ұлы бабаларымыздың бір бастарына қонған бірнеше қасиеттердің бүгінгі таңда жалғастығын сараптайды. Мұндай құндылықтардың жалғасуының алғы шарттары жанұя тәрбиесінен басталып, қоғамдағы бағыттардың аясында, тегінен берілген өнерді ұштай білетін біліктілікте, осы бағыттағы мамандармен байланыста болып, өзіндік ұстаным қалыптастыра алатын ізденімпаздықта екенін сипаттайды. Дәстүрлі өнердегі осындай синкретті қасиетке ие, күйші Едіге Нәбиев үлгі ретінде алынып, автор осы саладағы жалғастыру, көбейту, дамыту мәселелерін алға тартады. Мақала жалпы өнертанушыларға, дәстүрлі өнерді зерттеуші ғалымдарға, магистранттарға, студенттерге арналған.
Дәстүрлі күйші, шебер – Едіге Нәбиевтің синкретті шығармашылығы
Жарияланған June 2020
127
132
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Сахарбаева К. Дәстүрлі күйші, шебер – Едіге Нәбиевтің синкретті шығармашылығы // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.223–229: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.30 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/78 (дата обращения: 28.11.2024)