Бұл мақалада біз Қазақстан жоғары оқу орындарында тілдік емес мамандық студенттеріне кәсіби бағытталған шетел тілін оқыту ерекшеліктерін, тиімді тұстары мен оқыту үдерісінде қолдануға ұсынылатын әдіс-тәсілдерді қарастырамыз. Бүгінгі таңда шетел тілін кәсіби негізде оқыту Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің басым бағыттардың бірі ретінде танылып отыр. Кәсіби бағытта оқыту қарым-қатынас жағдайына байланысты төрт тілдік дағдыларды (тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым) пайдалана отырып, қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, біз бұл мақалада қазақстандық жоғары оқу орындарында кәсіби бағытталған француз тілін оқытуда қиындықтар тудыратын негізгі факторларға тоқталамыз. Аталмыш пәнді оқыту барысында қалыптасатын коммуникативтік құзыреттіліктің компоненттерін қарастыра келе, лингвокәсіби құзыреттіліктің маңыздылығын айқындап, оны дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар жасаймыз. Сондай-ақ, әдіскер ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымына анықтама береміз.
ҚАЗАҚСТАНДА МАМАНДАНДЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ФРАНЦУЗ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Жарияланған September 2022
110
193
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Канаева А., Умекова Н. ҚАЗАҚСТАНДА МАМАНДАНДЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ФРАНЦУЗ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 3(52). – С.138–145: DOI: 10.51889/8651.2022.78.52.015 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/636 (дата обращения: 22.11.2024)