Мектептердегі оқушылардың дене тәрбиесі туралы ережелері әр мектептің өзіндік жағдайлары, құрал- жабдықтары, спортзалдары мен спорт алаңдары басқа да ғимараттарға байланысты ерекшеліктерімен белгіленіп, бекітіледі. Ережеде мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында өзін-өзі алып жүру, мұғалімнің берілген тапсырмаларын орындауға, ауызша айтылған бұйрықтарын орындауға күш салу керектігі айтылады. Әр оқушы өзінің жеке гигиенасымен қатар, жалпы гигиенаны ұстануы тиіс. Берілген мектеп бағдарламасын орындау үшін, оқушы өзінің дене қуаты қасиеттерін, күшін жұмылдыра білу керек. Оқушылардың сабақтан басқа спорттық, дене шынықтыру-спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз еткен жөн. Жалпы алғанда, мектептегі әрбір оқушы салауатты өмір салтын ұстануы үшін, дене шынықтыру мұғалімдері мектепте өтілетін іс-шараларды өткізуге арналған оқу жылы бойы орындалатын кешендік бағдарлама жасақтауы керек. Ол бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере, бастауыш сыныптарынан бастап, жоғары сыныптарына дейін қатысатындай етіп жасақталады.
Мектептегі дене шынықтыру жұмыстарының педагогикалық негіздері
Жарияланған June 2020
120
88
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Куспанова А., Сейсенбеков Е., Елшиев Б., Юсупалиев Б., Андақұл М. Мектептегі дене шынықтыру жұмыстарының педагогикалық негіздері // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.111–118: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.15 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/62 (дата обращения: 29.11.2024)