Бұл мақалада, география студенттерін құзыреттілік тәсіл негізінде туристік-өлкетану жұмыстарына дайындаудың теориялық негіздері мен компоненттері қарастырылды. Болашақ география мұғалімдерін дайындауда мотивациялық, белсенді-танымдық және зерттеу құзыреттерін жетілдірудің маңыздылығы айқындалды. География мұғалімдерінің кәсіби дайындығын ұйымдастыру бойынша зерттеулердің аналитикалық шолуына сәйкес, студенттерге туристік – өлкетану жұмыстарын жүргізетін географ оқытушы екендігі талқыланды. География студенттерінің туристік-өлкетану құзыреттерін қалыптасыру жолында мотивациялық және эмоциялық-құндылық; белсенді-танымдық және пәндік-кәсіптік жаңа білім алу мен өзін-өзі дамыту және зерттеу құзыреті компоненттерінің маңыздылығы анықталды. Теориялық талдау, нақтылау және жинақтау әдістерін пайдалана отырып география студенттерінің туристік-өлкетану құзыреттерін қалыптастырудың моделі жасалды. Сондай-ақ, болашақ география мұғалімі үшін айқындаушы құндылықтар болған білім беру, сенімділік, әділдік, өзін-өзі бағалау, төзімділік, шығармашылық, жұмысқа деген қызығушылық кәсіби тәжірибе болып табылатындығы нақтыланды. Бұл құндылықтар болашақ география мұғалімдерінің туристік - өлкетану жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Сондықтан, біз, географ-студенттердің өз бетінше ойлау қабілетін дамыта отырып, салыстыру, логикалық байланыстар орнату үшін арнайы танымдық міндеттерді қолдандық. Географиялық жоғары білім беруді реформалаудың негізгі бағыттарының бірі және туристік-өлкетану құзыреттерін қалыптастыру технологиясы ретінде - құндылық және дүниетаным саласын, қоршаған ортаны көру, сезіну және түсіну, бағдарлану, тұлғалық өзін-өзі жетілдіру, танымын игеруі және іс-әрекет тәжірибесінде болуы қажет құзыреттер география студенттерінің туристік-өлкетану жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді деп қорытамыз.
БОЛАШАҚ ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ ҚҰЗЫРЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КОМПОНЕНТТЕРІ
Жарияланған March 2022
224
316
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Yerlan, Мазбаев О., Лайсханов Ш. БОЛАШАҚ ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ ҚҰЗЫРЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КОМПОНЕНТТЕРІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 1(50). – С.15–27: DOI: 10.51889/2022-1.2077-6861.02 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/546 (дата обращения: 22.11.2024)