Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланған September 2021

143

85

Гази университеті, Анкара, Түркия
Аңдатпа

Бұл зерттеу Түркия Республикасы білім беру жүйесінде болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлау барысында оларға тиісті қабілеттер мен біліктілік деңгейлерін анықтау мақсатында жүргізілген.

Мақалаға негіз болған болашақ дене шынықтыру мұғалімінің біліктілігі мен кәсіби даярлығын анықтау мақсатында «Мұғалім қабілеті» (Karacaoğlu 2008) сауалнамасы қолданылды.

Зерттеу жұмысына халықтың табыс мөлшері мен әлеуметтік жағдайы әр түрлі қалалардан респондеттер қатыстырылды. Олар: Түркия Республикасының астанасы Анкарадан, аса ірі әлемдік қаласы Ыстанбұлдан, экономикасы орташа Байбурт пен Денизли қалалары және экономикасы төмен Гүмүшхане қалаларында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алушы жалпы саны 408 бітіруші курс студенті қатыстырылды.

Ғылыми мақалада зерттеу жұмысына қатысушы студенттердің сауалнамадан алынған нәтижелері берілген. Жиналған мәліметтер SPSS бағдарламасында талданып, кестелер түрінде енгізіліп, талдау жасалынды.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ермаханов Б., Зорба Е., Aкман O. ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ // Педагогика және психология. – 2021. – № 3(48). – С.161–170: DOI: 10.51889/2021-3.2077-6861.18 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/354 (дата обращения: 21.11.2024)