Мақалада болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту ерекшеліктері жайында қарастырылған. Қазіргі таңда болашақ арнайы педагогтердің бойындағы құзыреттерін дамыту – басты жолға қойылуда, соның ішінде зерттеушілік құзыретін дамыту үдерісі өзекті мәселеге айналып отыр. Зерттеушілік құзырет жоғары оқу орыны табалдырығын аттағаннан бастап әр бір болашақ арнайы педагогтерге қажетті әрекет деп білеміз. Зерттеушілік құзырет арқылы болашақ арнайы педагогтер ғылыми жұмыстарды талдауға, әдеби шолуға, қажетті ақпарат іздеуге, сілтеме жасауға үйренеді. Ғалымдардың құнды пікірлеріне талдау жасай келе, «құзыреттілік», «құзырет» сөздерінің анықтамасына, мағынасына ерекше мән берілген. Құзыреттілік – білім, білік, дағдымен тығыз байланысты болса, құзырет – студенттердің іс-әрекетінен туындайтын білім нәтижесі. Зерттеудің мақсаты: Болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзіретін дамытудың ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу жұмысы барысында аралас зерттеу әдістері қолданылды: сапалық және сандық. Зерттеуге Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері қамтылды. Сауалнама нәтижелері арқылы зерттеу жұмысын қаншалықты түсінетіні, зерттеушілік құзыреттерін дамытуда қарама-қайшылықтары анықталды. Болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыреттілігін дамыту жоғарғы оқу орнында үздіксіз білім беру жүйесіндегі қажетті құндылық болып табылады және студенттердің білім беру саласындағы қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға қол жеткізуге ықпал етеді.
БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жарияланған March 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Ержанова Г., Autayeva A. БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ // Педагогика және психология. – 2025. – № 1(62). – С.114–122: DOI: 10.51889/2960-1649.2025.62.1.013 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1891 (дата обращения: 6.06.2025)