Бұл мақалада ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларының «soft skills» дағдыларын қалыптастырудың тиімділігі зерттеледі. Ұлттық құндылықтар балалардың мәдени идентификациясын, эмоционалды интеллектісін және әлеуметтік жауапкершілігін дамытуда маңызды рөл атқарады. Soft skills тұжырымдамасының әртүрлі түсіндірмелері талданады, бұл терминнің коммуникативті және басқарушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған әмбебап дағдылар немесе негізгі құзыреттер ретінде жалпыланған анықтамасы тұжырымдалады. Soft skills -бұл әмбебап жеке дағдылар. «Soft skills» ұғымын жеке дамудың жалпы тенденцияларымен сипаттауға болады. Бұл үшін дамудың белгілі бір шарттары бар. Soft skills қалыптастырудың шарттары отбасындағы қолайлы жағдай, оқу процесін ұйымдастыру, цифрлық құзыреттілік, дамыған коммуникация дағдылары болып табылады. Мақалада ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып, коммуникация, командалық жұмыс, креативтілік сияқты soft skills дағдысын қалыптастыру әдістері ұсынылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ұлттық құндылықтарды интеграциялау арқылы балалардың әлеуметтік ортада тиімді әрекет етуі, өзін-өзі дамытуы және ұжымда жұмыс істей алу қабілеті артады. Бұл тәсіл білім беру процесінің сапасын жоғарылатып, балаларды табысты азамат етіп тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылықтар негізінде «soft skills» дағдысын қалыптастырудың тиімділігі
Жарияланған March 2025
0
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
ABDURAKHMANOVA M., SADUAKAS G., Baş Özlem Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылықтар негізінде «soft skills» дағдысын қалыптастырудың тиімділігі // Педагогика және психология. – 2025. – № 1(62). – С.50–58: DOI: 10.51889/2960-1649.2025.62.1.006 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1877 (дата обращения: 15.08.2025)