Аңдатпа
Мақалада сыныптан тыс спорт жұмысы аясында дене шынықтыру-педагогикалық білім беру мен дене тәрбиесінің дамуының жетекші үрдістерімен контекстінде болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға кәсіби дайындығын қалыптастыру бойынша зерттеудің қорытылған нәтижелері берілген. Білім беру мазмұны жаңа іс жүргізу дағдыларымен, ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін дамытумен, білім беру бағдарламаларын дараландыруға және білім беру технологияларын құрудағы педагогикалық ғылымның рөліне бас назар аудара отырып, ғылым мен педагогикалық практика мәселелерін шығармашылық шешумен байытылады. Білім беру мазмұны мен оқыту технологияларын жаңарту, дене шынықтыру сабақтарын оқыту сапасын арттыруда көптеген проблемалардың туындауы, сыныптан тыс спорттық іс-шараларды дамыту және дене шынықтыру процесін басқару білім беру жүйесін қайта құруды талап етеді, оны жетілдіру мұғалімдердің кәсіби дайындық деңгейіне байланысты болады.