Қазіргі таңда жаһандық өзектілік тудырып отырған табиғатты пайдалану және басқару әрекеттерінің кейбір нәтижелері экологиялық мәселелер туындатып отыр. Көптеген уақыттарды қамтитын бұл үдеріс болашақ ұрпақ үшін алаңдатарлық жағдай. Мәселені шешу жолдарының бірі ретінде ғалымдар экологиялық сауаттылықты атап өткен. Алайда, экологиялық сауаттылықтан бұрын, әрбір адамзат тіршілігі үшін маңызды күнделікті пайдаланатын табиғи ресурстарды тиімді қолдануды ұрпақтан-ұрпаққа дәріптесе жақын уақыттарда жаһандық мәселелер туындатпауға болады. Сондықтан, кез-келген адамзат пен оның тіршілігіне байланысты мәселелерді алдын-алуда географиялық білім беру үдерісімен байланыстырған жөн. Қоғам талабына сай білім беру салаларында цифрлық ресурстар көмегін оқыту әдістерімен жаңарту да өзектілік тудырады. Зерттеуде отандық және шетелдік еңбектер негізінде табиғатты пайдалануды, нақтырақ қарастырғанда су көздері туралы ақпараттарды цифрлық ресурстар арқылы оқыту ұғымдары талданды. Сонымен қатар, «Табиғатты пайдаланудың түрлері» тақырыбын оқыту тәсілдерін талдау әрекетін зерттеу барысында оқулықтардағы тапсырмаларға зерттеулер жасалынды. Зерттеуде сипаттамалық және салыстыру әдістері қолданылды. Қосымша тапсырмалар мен тәсілдер толықтырылып, өзектілік тудырған жаңа сабақты меңгеру мен бекіту барысында орындалатын цифрлық платформа қолданылу ұсынылды. Цифрлық платформаның мүмкіндіктері, пәндер бойынша ақпараттардың берілуі, қолданылуының тиімді тұстары мен кедергілері талданды. Табиғатты пайдалану мен басқару әрекеттерін оқытудағы тәсілдер туралы бірнеше зерттеулер талданып, салыстырылды. Жүргізілген зерттеу географиялық білім берудегі маңызды әрекеттер мен әдістерді толықтыра алады.
ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Жарияланған January 2025
3
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
geographical education; nature management; digital resource; Environment, Water Resource; Mozaweb.com 3D technology platform.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Mussakhan R., Aigerim A., Borankulova D. ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ // Педагогика және психология. – 2025. – № 4(61). – С.45–58: DOI: 10.51889/2960-1649.2024.61.4.006 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1805 (дата обращения: 16.01.2025)