Бұл зерттеу жасөспірімдерге грамматиканы оқытуда ойындардың рөлін қарастырады. Мақсаты – грамматиканы оқыту және оны қолдану кезінде геймификацияның грамматикалық дағдыларға тигізетін әсерін зерттеу және оқушылардың сыныпта грамматиканы оқыту кезінде геймификацияға деген көзқарасын анықтау. 10 сынып оқушылары осы зерттеу жұмысының қатысушылары ретінде таңдалды. Жоба барысында екі топ болды: тәжірибелік және бақылау. Бұл зерттеу үш тәжірибелік кезеңнен тұрды: бастапқы тест, ойындар және кейінгі тест пен сауалнама. Алғашқы тәжірибелік кезең барысында екі топқа да 20 сұрақтан тұратын бастапқы тест өткізілді. Екі топтың да көрсеткіштері ұқсас болып келді. Осыдан кейін тәжірибелік топтың оқушыларына грамматика үш ойын арқылы түсіндірілді. Геймификациялау тек ойындармен ған аемес, сонымен бірге белгілі бір мақсатпен жүзеге асырылады: ойындардың көмегімен білім алушылар оқытылған грамматиканы қалай қолдануды үйренеді. Соңына қарай, екі топтан да тест алынды және тәжірибелік топтан сауалнама алынды. Нәтижесінде бастапқы және кейінгі тесттердің көмегімен екі топтың арасындағы айырмашылықтар көрінді. Тәжірибелік топтың білім алушылары бақылаудағы топтың білім алушыларына қарағанда жоғарырақ нәтижені көрсетті. Ал сауалнама негізінде алынған деректерде - эксперименттік топтағы білім алушылардың грамматиканы ойындар арқылы өткізілуіне деген көзқарасының жақсы екендігі дәлелденді. Сондай-ақ, ойын-сауық білім алушылардың ынталы болуына септігін тигізеді.
PEDAGOGICAL ASPECTS OF IMPLEMENTING GAMIFICATION IN SECONDARY EDUCATION
Жарияланған January 2025
7
0
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Кариев А., JANDILDINOV M.., YERSULTANOVA .G.. PEDAGOGICAL ASPECTS OF IMPLEMENTING GAMIFICATION IN SECONDARY EDUCATION // Педагогика және психология. – 2025. – № 4(61). – С.80–90: DOI: 10.51889/2960-1649.2024.61.4.010 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1792 (дата обращения: 15.01.2025)