Бұл мақалада студенттердің академиялық ұтқырлыққа дайындығын дамытудағы зерттеу нәтижелері көрсетілген. Академиялық ұтқырлыққа дайындық табысты академиялық ұтқырлықтың маңызды элементтерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты- студенттердің академиялық ұтқырлыққа дайындығын дамытуға танымдық қабілетті арттыру қалай ықпал ететінін анықтау. Эмпирикалық зерттеу әдісі ретінде Педагогикалық эксперимент қолданылып, онда эксперименттік топтың студенттерінің оқыту үдерісіне "Академиялық ұтқырлықты жобалау" курсының мазмұны енгізілді. Зерттеу нәтижелері студенттердің танымдық қабілеттерін арттыру олардың академиялық ұтқырлықта оқуын жоспарлауға және ұтқырлық траекториясын жобалауға оң әсер ететінін көрсетеді.
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУ
Жарияланған July 2024
75
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
университет студенттері, академиялық ұтқырлық, ұтқырлықты жобалау, дайындық, танымдық қабілеттер.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Kadirsizova shynar, ADILZHANOVA K., ORYNGALIEVA S. УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУ // Педагогика және психология. – 2024. – № 2(59). – С.17–26: DOI: 10.51889/2960-1649.2024.59.2.008 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1707 (дата обращения: 27.11.2024)