Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Техникалық университетте шетел тілін оқыту технологиялары

Жарияланған December 2020

86

66

Қарағанды техникалық университеті
Аңдатпа

Бұл жұмыста қазіргі заманғы білім беруде, атап айтқанда техникалық ЖОО-дарда шет тілдерін оқыту проблемалары зерттелген. Мақалада шет тілдерін оқыту жүйесін модельдеу ерекшеліктері көрсетілген. Мақаланың мақсаты - техникалық университеттерде шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша әртүрлі ғалымдар ұсынған мысалдарды пайдалана отырып, педагогика мен дидактикадағы оқыту үлгілерін зерттеу. Кәсіби құзыреттілікті дамыту критерийі негізінде техникалық университетте шетел тілін оқытудың кейбір әдіснамалық қағидаттары мен ерекшеліктері қаралады. Жоғары техникалық мектепте студенттерді шет тілін оқытудың өзекті технологиялары атап көрсетілген, олардың түпкі нәтижесі тілдік құралдарды меңгеруден студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу дағдыларын дамытуға көшу болып табыла- ды. Техникалық ЖОО-ның студенттері контингентінің ерекшелігі - оқыту бағдарламасы шет тілін одан әрі өзіндік білім беру және өзін-өзі дамыту құралы ретінде меңгеруді қамтиды, сондай-ақ қазіргі жастар шет тілін меңгерудің артықшылықтарын жақсы түсінеді. Бұл жұмыста тұлғаға бағдарланған білім беру тәсілі шеңберінде техникалық ЖОО-дарда шет тілін оқытудың қазіргі заманғы талдауы әр түрлі әдістемелік тәсілдер негізінде ұсынылған құрылымдық компоненттерден тұратын жүйе ретінде білім беру процесінің тұжырымдамалары ашылады. Олар:оқу мақсаттарының иерархиясы, білім беру үдерісін ақпараттық тех- нологиялармен қамтамасыз ету, студент, мұғалім. Автор заманауи университеттің білім беру кеңістігінің ерекшеліктерін ескеретін техникалық жоғарғы оқу орындарында шет тілдерін оқыту жүйесінің сипаттамалық ерекшеліктерін бөліп көрсетеді және сипаттайды. Аталған жүйенi енгiзу шет тiлдерiн оқытуды, мамандар даярлаудың қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келетiн жаңа деңгейіне көтередi.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Amirova A., Rahmetova G. Техникалық университетте шетел тілін оқыту технологиялары // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.194–204: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.24 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/138 (дата обращения: 21.11.2024)