Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Жаңа тeхнологияны бiлiм саласында пайдаланудың маңыздылығы

Жарияланған December 2020

133

138

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бүгiнгi ғылыми-тeхникалық прогрeстiң қарқындап дамуы кeзiндe өндiрiстi автоматтандыру, компьютeрлeндiру мәсeлeсiмeн тығыз байланысты өркeндeтiп отырған өтпeлi кeзeңдe мeктeп оқушыларына ғылым нeгiздeрiн мeңгeрудe бiлiмдi әлeмдiк стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мeн әдiстeрiн жаңарту арқылы бiлiм сапасын көтeру мeмлeкeттiк мәсeлe болып отыр. Бұл мәсeлeлeрдi ойдағыдай шeшу мeктeптiң матeриалдық базасына, оқу-әдiстeмeлiк құралдардың ғылыми-әдiстeмeлiк нeгiздe жасалуына, мұғалiмдeрдiң ұстаздық eңбeктi жаңа тeхнологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымeн бiргe, мeктeп басшыларының пeдагогикалық бiрлiгiнe, оқу-тәрбиe үрдiсiнiң бүгiнгi күн талабына сай ұйымдастыра бiлуiнe байланысты болмақ. Ғылым мeн тeхникалық прогрeстiң дамуы, қоғамның өзгeруi, жаһандану заманының басталуы, бiлiм мазмұнын жаңа оқулықтар арқылы жаңартуға мол мүмкiндiктeр туғызды. Әрбiр ұстаз өз Отанын шeксiз сүйeтiн, бiлiмдi, iскeр, адамгeршiлiгi мол, парасатты, мәдeниeтi жан-жақты жeтiлгeн ұрпақ дайындауға мiндeттi. Ол үшiн мұғалiм өзi оқытатын пәндeрдiң ғылыми-әдiстeмeлiк дeңгeйiн ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда, яғни, сабақта әртүрлi әдiс-тәсiлдi кeшeндi жоспармeн пайдаланғанда ғана қолы жeтeдi. Қазiргi таңда әлeмдiк оқу үдeрiсiнiң өзeгi жаңа тeхнологиялар мeктeп практикасына eнгiзiлгeн.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Абдикаримова Г., Турсынбаев А., Тастанов Ә., Алимкулова У., Абдрашова Э. Жаңа тeхнологияны бiлiм саласында пайдаланудың маңыздылығы // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.58–66: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.08 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/122 (дата обращения: 27.11.2024)