Мақалада Ақтөбе өңірінің жергілікті ақыны Сарышолақ Боранбайұлының шығармашылығы мен өмірбаяны, өлеңдерінің мазмұны патриотизм бағытында екендігі сөз болады. Сарышолақ ақынның өлеңдері арқылы жас ұрпақтың еліне, жеріне, кіші Отанына деген сүйіспеншілігі оянатыны сөзсіз. Рухты шығармалары туған өлке тарихынан сыр шертеді. Сонымен қатар бастауыш сыныпта патриоттық тәрбиенің маңыздылығы, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жан-жақты сауатты болуы, ізденісте болуы, мемлекетте қабылданып жатқан тәрбие бағыттары сөз болады. Өз Отанына деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді қалыптастыруды неғұрлым ерте бастаса, патриоттық тәрбие нәтижесі де соғұрлым жоғары болмақ. Сондықтан қазіргі кезде болашақ мектеп мұғалімдерін патриоттық тәрбие беруге арнайы түрде даярлау қажеттігі туындап отыр. Қазақстандық патриотизм, елжандылық, ұлтжандылық ұғымдарын күнделікті құлағына сіңіріп, ұғып, ажырата алған баладан болашақта елі мен жерін, тілі мен ділін құрметтей алатын, үлгі көрсететін ел балалары шығары анық.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН САРЫШОЛАҚ БОРАНБАЙҰЛЫ (АҚТӨБЕ ӨҢІРІ) ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Жарияланған June 2023
119
111
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
патриотизм, жергілікті ақын, жауынгер ақын, Сарышолақ Боранбайұлы, аймақтық әдебиет, бастауышта білім беру
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Ермуханова И., Дуйсенбаев А. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН САРЫШОЛАҚ БОРАНБАЙҰЛЫ (АҚТӨБЕ ӨҢІРІ) ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ // Педагогика және психология. – 2023. – № 1(54: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.1.30.014 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1145 (дата обращения: 21.11.2024)