Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Қазақстан республикасындағы спорттық-бал биінің дамуының негізгі кезеңдері мен бағыттары (1968-1988 жж. кезеңі)

Жарияланған September 2020

180

92

Т.К.Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы спорттық-бал биінің дамуының негізгі кезеңдері мен бағыттары сипатталған. Деректерді хронологиялық әдіс арқылы көрсету таңдалған, өйткені бұл спорттық-бал биі жаттықтырушыларының педагогикалық іс-әрекеті мен қалыптасуының динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Отандық спорттық-бал билерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі екі кезеңі келтірілген. Леонид Пе- трович Векшин, Валентина Васильевна Евсеева, Валерий Валентинович Анцышкин секілді қайраткерлердің Республикамыздағы спорттық-бал билерінің дамуына қосқан үлестері баяндалған. Елімізде алғашқы еуропалық және латын американдық билер мектептерінің, спорттық-би клубтарының ашылуы және осы билер бойынша алғашқы жарыстарының өткізілуі белгіленген. Қазақстанда спорттық биді дамытуға көмектескен шетелдік мамандардың есімдері келтірілген. КСРО кезіндегі спорттық-бал билерінің қандай қиындықтармен кездесуі сипатталған. «Радуга» спорттық-би клубының қалыптасуы туралы деректер келтірілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Исалиев Ә., Абакаева Ә., Карымбаева А. Қазақстан республикасындағы спорттық-бал биінің дамуының негізгі кезеңдері мен бағыттары (1968-1988 жж. кезеңі) // Педагогика және психология. – 2020. – № 3(44). – С.263–269: DOI: 10.51889/2020-3.2077-6861.32 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/114 (дата обращения: 21.11.2024)