Зерттеу мақсаты – актердің сыртқы келбетінің негізгі ерекшеліктерін анықтау және оның бүгінгі сах- на өнерінің таптырмас тасымалдаушысы екенін көрсету. Мақалада актер шеберлігіне, жалпы адамзаттық құндылықтарға және театр өнерінің ерекшеліктеріне назар аударылады. «Адамдарға арналған театр» тіркесі тұжырымдамасының мазмұны актерлердің ерекше миссиясында айқындалған және көрсетілген: тірі адамның сезімдерін, толқуын жеткізу және болып жатқан жағдайдың шынайы жай-күйін сездіру. Кәсіби ак- тер ойынын ешнәрсе алмастыра алмайтыны, оның және көрермендердің арасындағы тікелей қарым-қатынас құралы ретінде, іс-әрекеттің барлық нюанстарын сезінуге мүмкіндік беретін идея негізделген. Мақаланың ғылыми жаңашылдығы технологияның дамыған дәуірінде және инновациялық арнайы эффектілерді енгізу жағдайында актерлік шеберліктің тозуы мен дамуын зерттеу болып табылады. Нәтижесінде, инновациялық технологиялар көрерменге шығарманың мәнін түсінуге көмектесуі керек екендігі айқындалып, сипатталады, ал актер шеберлігі өз кезегінде көрерменнің жалпыадамзаттық құндылықтарына бағытталуы керек екендігі анық көрсетіледі.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
театр; театр өнері; актер; режиссёр; спектакль; творчество; жаңа технологиялар; эмоция; актер шеберлігі; сахна шеберлігі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Билалов Е. Заманауи театрдағы актер тұлғасы // Педагогика және психология. – 2020. – № 3(44). – С.256–263: DOI: 10.51889/2020-3.2077-6861.31 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/113 (дата обращения: 22.11.2024)