Бұл мақалада шет мемлекеттер мен Қазақстандағы ерекше білім алу қажеттілігін бағалау жүйесіне салыстармалы анализ жасалынған. Оны жасаудағы басты мақсат инклюзивті білім беру жүйесінің шет мемлекеттерден айырмашылығы қандай, олардың білім беру жүйесінде қолданылатын әдістері қаншалықты біздің Қазақстанда қолдануға мүмкін болатындығын анықтау. Осы ретте мақалада келесі шарттар талданды: Германия, АҚШ, Австралия мемлекеттеріндегі инклюзивті ортада білім алатын оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау процедуралары, инклюзивті білім беру жүйесі және ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыларға бағалау жүргізетін мамандарға қойылатын талаптар. Сол ақпарат негізінде Қазақстан мен шет мемлекеттер тәжірибесін салыстыра отырып, талдау жасалынды. Нәтижесінде Қазақстанның білім беру жүйесінің шет мемлекеттермен айырмашылығы қандай екенін қарастыра келе, олардың білім беру жүйесіндегі кейбір әдістерін қолдануға ұсыныс берілді.
ШЕТ ЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ АНАЛИЗ
Жарияланған September 2022
247
197
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Shotybayeva laura, Абаева Г. ШЕТ ЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ АНАЛИЗ // Педагогика және психология. – 2022. – № 3(52). – С.183–194: DOI: 10.51889/9311.2022.22.97.020 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1040 (дата обращения: 22.11.2024)