Мақала COVID-19 пандемиясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің қалыптан тыс жұмысы барысындағы «эмоциялық жану» синдромын бастан кешіру жағдайы туралы. Қазақстандағы төтенше жағдайдың жария- лануына байланысты коронавирус індетінің өршуі көптеген жағымсыз факторлардың дәрігерлердің кәсіби қызметіне әсер ету мәселесі қарастырылады.
Зерттеу нәтижесі коронавирус індетін емдеуде медицина қызметкерлерінің эмоциялық жану синдромын бастан кешіруінің сыртқы және ішкі психологиялық себептерін айқындады. Эмоциялық жанудың кәсіби қарым-қатынас жағдайында шаршау, қажу, әлсіреу, уайымдау, мазасыздану сезімдері арқылы байқалатын көріністері сипатталады. Медицина қызметкерлерінің коронавирус жағдайындағы психологиялық жай- күйініні төмендеуі, олардың күйзеліске тұрақсыздығы, жоғары үрей, эмоциялық ерік-жігері, өзін-өзі бақылау мен басқаруда кездесетін ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы пандемия жағдайында медицина қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсету, олардың еңбектерін мемлекеттік тұрғыда қолдау жасауға ұсыныс жасалды.