Біз туралы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» журналы – 2009 жылы құрылған, республикалық ғылыми-әдістемелік басылым.
«Педагогика және психология» журналының тақырыптық бағыты – білім берудің барлық сатылары мен деңгейлерінің заманауи проблемалары.
Журнал бөлімдері:
- Заманауи білім берудің инновациялық тәсілдері мен тәжірибелері.
- Білім беру саласы мамандарын кәсіби дамытудың психологиялық-педагогикалық проблемалары.
Басылымның редакциялық стратегиясы келесі ережелерге негізделеді:
Жарияланымға материалдарды іріктеу процесінде бейтараптылық пен объективтілік;
Зерттеулердің ғылыми құндылығы мен әдіснамалық дұрыстығына қатысты жоғары стандарттар;
Мақалаларды жариялау туралы шешім қабылдауда консенсустық тәсіл;
Авторлармен тиімді және жедел байланысты қамтамасыз ету;
Зияткерлік меншік құқықтарын қатаң сақтау;
Басылымның белгіленген кестесін қатаң ұстану;
Бір автордың жарияланым жиілігін күнтізбелік жылда екі ретке дейін шектеу.
Журналдың мақсаты: заманауи білім беруді жетілдіретін ғылыми білімдер мен инновациялық әзірлемелерді ашық талқылауға, жүйелеуге, жақты талдауға және таратуға отандық және шетелдік зерттеушілерді тарту.
Журналдың міндеттері:
- қазіргі білім берудегі инновациялық тәсілдер мен тәжірибелерді анықтау және тарату;
- білім беру саласы мамандарының кәсіби дамуындағы психологиялық-педагогикалық проблемаларды зерттеу;
- білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижelerін жариялау;
- тәжірибемен және озық тәжірибелермен алмасу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға септігін тигізу;
- қазіргі білім беру мәселелерін шешуде педагогика мен психология арасындағы пәнаралық диалогты қолдау.
Журналдың мақсатты аудиториясы: білім беру мен ғылым саласы ұйымдарындағы профессор-оқытушылар құрамы; ғылыми қызметкерлер, зерттеушілер, докторанттар, магистранттар, студенттер, тәрбиешілер, мұғалімдер мен білім алушылар және т.б.
Журнал ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін және ғылыми атағын алуға басылымдарын жариялауға ҚР ҒжБМ БКССҚ ұсынылатын, рецензияланатын жетекші ғылыми журналдар тізіміне кіреді. Журнал ғылыми дәйексөз индексінің республикалық жүйесіне – Қазақстандық дәйексөз базасына (ҚазДБ) енгізілген.
«Педагогика және психология» журналы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында құрылған және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Алғашқы есепке қою күні мен нөмірі: 24.06.2009 ж. №10219-Ж.
КУӘЛІК мерзімді баспа басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды қайта есепке қою туралы №KZ22VPY00084314, 22.12.2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
22.12.2023 жылғы ПжП-ны қайта есепке қою туралы куәлік
Басылым идентификаторы: ISSN 2077-6861 (онлайн 2960-1649)
Жариялау мерзімдері: жылына 4 рет
Келіп түскен материалдарды қарау мерзімдері: 1-6 ай
Жариялау тілі: ағылшын
Журналдың шығарылу кестесі:
№ 1 – наурыз
№ 2 – маусым
№ 3 – қыркүйек
№ 4 – желтоқсан