Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Авторларға арналған нұсқаулық

Мақалалар «Педагогика және психология» журналының веб-сайты арқылы (https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped) электронды форматта ағылшын тілінде ұсынылады. Файл атауында автордың аты жөні, тегі көрсетіледі (бірлескен авторлар болса - бірінші автордың тегі). Бұл үшін сайтта тіркелу қажет (*https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/user/register?source*=) немесе "кіру" түймесі арқылы қолданыстағы аккаунтқа кіру керек. Бір автор (соның ішінде бірлескен автор ретінде) жылына екі реттен артық мақала бере алмайды. Мақалаларды автор келесі форматтарда жүктейді:

MS Word – толық мақала;

MS Word автордың, бірлескен авторлардың аты-жөнін көрсетпей – рецензиялау үшін;

PDF – антиплагиат жүйесі үшін.

Қаріп – Times New Roman, қаріп өлшемі – 12, туралау – мәтін ені бойынша, интервал – бір, абзац – 1 см, жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1 см. Кестелер, диаграммалар және суреттер өңделетін форматта ұсынылады. Кестелер мен суреттердің саны ұсынылған мақаланың жалпы көлемінің 20%-ынан аспауы керек. Қаріп – Times New Roman, қаріп өлшемі – 10. Кестелер мен суреттерді рәсімдеуді мақала үлгісінен қараңыз.

Мақалаларды рәсімдеу талаптары 

ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы), код 14: ХАЛЫҚ АҒАРТУ. ПЕДАГОГИКА

Авторлардың аты-жөні, жұмыс (оқу) орны, қаласы, елі ортада (кіші әріптермен курсивпен); (Корреспондент автор* белгісімен белгіленуі керек)

Мақала атауы (7-12 сөз), бас әріптермен, ортада.

Аннотация кемінде 100 және 300 сөзден аспауы керек.

Кілт сөздер/сөз тіркестері (5-7 сөз).

Кіріспе (тақырыптың негіздемесі, зерттеудің мақсаты мен гипотезасы (зерттеу сұрағы).

Материалдар мен әдістер (зерттеу дизайны, деректерді жинау және талдау әдістері).

Нәтижелер (зерттеудің негізгі нәтижелері, оларды түсіндірмей).

Талқылау (нәтижелерді түсіндіру, олардың маңыздылығын талқылау, зерттеу шектеулері және болашақ зерттеулердің мүмкін бағыттары).

Қорытынды (зерттеу нәтижелерін қорыту).

Пайдаланылған дереккөздер тізімі APA 7 Style стандартына сәйкес рәсімделеді (http://www.apastyle.org/ әліпби ретімен. Әдебиеттер тізімі кемінде 15 және 40-тан аспайтын дереккөзден тұруы керек, оның 50%-дан астамы – соңғы 3-5 жылдағы дереккөздер, соның ішінде Scopus (процентиль кемінде 75) және Web of Science (кемінде 1 және 2 квартиль – Q1-Q2) дерекқорынан кемінде 2 дереккөз.

Әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болған жағдайда, романдандырылған әдебиеттер тізімін жасау қажет (транслитерация үшін http://www.translit.ruпайдалану). Мақала көлемі (ҒТАМР - ғылыми-техникалық ақпарат мемлекетаралық рубрикаторы, атауы, авторлар туралы мәліметтер, аңдатпа және кілт сөздерді есептемегенде) кемінде 2100 және 5000 сөзден аспауы керек.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

Авторлар әр мақала үшін 30 000 (отыз мың) теңге төлейді. Бағаға мыналар кіреді: мақаланың жариялануына ақы төлеу, DOI нөмірін беру, авторларды Crossref базасында тіркеу.

Төлем Абай атындағы ҚазҰПУ-дың банк реквизиттеріне НЕМЕСЕ Каспи.кз қосымшасы арқылы ақша аудару арқылы жүргізіледі.

  1. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың банк реквизиттеріне «мақала жариялау үшін төлем» белгісімен төлем жасау:

КЕаҚ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
БИН 031 240 004 969
АО "БанкЦентрКредит"
Расчетный счет KZ178560000000086696
Кбе 16
Банк БИК: KCJBKZKX

  1. Каспи.кз қосымшасы арқылы төлеу алгоритмі:

Төлемдер

ҚазҰПУ

Институт (қызметкерлерге/басқа тұлғаларға ақы төлеу)

Курс (қызметкерлерге/басқа адамдарға төлемдер)

Төлем түрі (мақаланы жариялау)

Комментарийде "Мақала жариялу үшін төлем" деп көрсетіңіз

Төлем туралы чек журналдың техникалық хатшысының WhatsApp нөміріне жіберіледі.