Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Резенциялау тәртібі

«Педагогика және психология» журналына келіп түсетін мақалалар қос жасырын рецензиялаудан өтеді. Рецензиялауға мақалаларға қойылатын қатаң талаптарға  сәйкес рәсімделген және «Антиплагиат» жүйесінде тексеруден өткен (шекті деңгей 75%) ғылыми мақалалар жіберіледі. Рецензенттер рецензияланатын мақала тақырыбына сәйкес  жарияланымдары бар, редакциялық алқа құрамына кірмейтін, Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының (ішкі рецензенттер) және Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарының, жақын және алыс шетелдердің (сыртқы рецензенттер) ғалымдары болып табылады. Рецензенттер журналдың онлайн жүйесінде тіркелген рецензенттер дерекқорынан редакциялық алқаның шешімімен тағайындалады.

Мақаланы қарау процедурасы

Автор мақаланы OJS (Open Journal System) жүйесі арқылы журнал сайтына орналастырады. Редактор мақаланың журналдың бағыты мен бөлімдеріне, мақаланы рәсімдеу талаптарына сәйкестігін тексереді, «Антиплагиат» жүйесі арқылы заңсыз иемденуге тексеруден өткізеді. Редактор автор қабылдаған мақалаға рецензенттерді тағайындайды. Рецензент өзіне жіберілген мақаланы OJS онлайн-рецензиялау жүйесінде белгіленген мерзімде қарайды, рецензиялаудың ең ұзақ мерзімі 2 апта. Рецензия үлгісі қолданылады. Рецензент журналдың редакциялық алқасына келесі шешімдердің бірін ұсынады:

- жариялауға қабылдау;

- шартты түрде қабылдау (пысықтауға жіберу);

- қабылдамау (кері қайтару).

Ішкі және сыртқы рецензенттердің қорытындылары негізінде журналдың редакциялық алқа келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

- екі оң рецензия алған жағдайда мақала журналдың бір нөмірінде жарияланады;

- рецензенттер арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда мақаланы жариялау туралы түпкілікті шешімді редакциялық алқа қабылдайды;

- елеулі ескертулер болған жағдайда мақала ескертулерді жою үшін авторға қайтарылады (мерзімін жауапты редактор белгілейді), пысықталған нұсқа қайта рецензиялауға жіберіледі;

- қайта теріс рецензия алған жағдайда мақала қабылданбайды және одан әрі қаралмайды.

Редакциялық алқа мақаламен жұмыстың кез келген кезеңінде мақаланы қабылдамауға құқылы. Қабылданған шешім туралы авторға журналдың онлайн жүйесінде (OJS) тиісті хабарлама жіберіледі.

Рецензиялауға қойылатын талаптар:

- ғылыми мақаланы объективті бағалау;

- мақала мазмұнының журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкестігін кешенді талдауды қамтуы;

- мазмұнның мәлімделген тақырыпқа сәйкестігін бағалау;

- аннотация мен кілт сөздердің сапасын бағалау;

- зерттеу жаңалығы мен нәтижелерінің практикалық маңыздылығын бағалау;

- қазақстандық және шетелдік библиографиялық дереккөздерге сілтемелердің болуын бағалау.

Сондай-ақ, ғылыми материалдың баяндалу анықтығы, грамматикалық, пунктуациялық және логикалық қателердің болуы бағаланады.

Құпиялылық

Рецензиялауға ұсынылған материалдар мен жарияланбаған деректер автор(лар)дың жазбаша келісімінсіз рецензенттердің жеке зерттеулерінде пайдаланылмайды. Рецензиялау нәтижелері құпия болып табылады. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда рецензенттерге мақаланы рецензиялауға рұқсат етілмейді.